top of page

Колледж (ағылш. college) – жоғары немесе арнаулы орта білім беретін оқу орны.

 Колледж факультет ретінде университет құрамына кіреді, немесе жоғары оқу орындары сияқты дербес болады. Бұл типтес колледждердің негізі алғаш рет 13 ғасырдағы Англияда (Оксфордта 1249 ж., Кембриджде 1284 ж.) қаланды. Колледж ғылыми оқу орны ретінде 1523 ж. Лондонда ашылды. Англиядағы ерекше пұрсатты орта мектептер де колледж деп аталады. Қазір Қазақстанда экономикақұқықбизнес,музыкалық, педагогикалық колледждері бар. Олардың кейбіреулері арнаулы мамандық беретін дербес орта оқу орны болып есептелсе, ал кейбіреулері жоғары оқу орындарының (университеттер мен академиялардың) құрамдас бөлігі болып саналады. Оны үздік бітірген түлектер жоғары оқу орындарына сынақсыз алынады.

     Қазақстанда колледждер 1990 жылдардың басында пайда болды; колледждерде орта кәсіптік білім беру қарастырылған. Түлектер сондықтан білікті техник, менеджерзаңгер, банк қызметкері, бухгалтер және т.с.с. мамандық иесін алып шығады. Колледж дипломы (егер колледж бітіруші жалпы орта білімін аяқтамаған болса) жоғары оқу орнына түсу құқығын береді.

Қазақстан білім беру жүйесінде, колледж орта кәсіптік білім беру оқу орны болып табылады және іс жүзінде сөздер «техникум» сөзінің синонимі.

Колледжге қабылдау негізгі жалпы білім беру (9 сынып), орта (толық) жалпы білім беру туралы аттестат (11 сынып), бастауыш кәсіптік білім (әдетте кәсіби мектеп немесе кәсіптік -техникалық лицец) немесе орта кәсіптік білімі туралы диплом дипломының анықтамасы негізінде жүргізіледі.

Қазақстанда колледжде кәсіптік білім беру мамандықтарға байланысты, орта білім алғаннан кейін 2-3 жылда (үш жылдан артық емес), және орта мектептің 9 сыныбынан соң 4 жылдан артық емес оқытылады.

bottom of page